15 қараша күні елордада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы
Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 15 қараша күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
9.00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде 2023 жылғы қаңтар-қазан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралады.
10.00-де Мәжілістің жалпы отырысы басталады.
10.00-де EXPO Халықаралық көрме орталығында Kaztraffic-2023 көрмесі өтеді.
10:00-де Жоғарғы сотта кәсіпкерлік қауымдастық пен сот корпусының кеңейтілген отырысы өтеді.
10.30-да Comfort Hotel Astana қонақ үйінде «Fenomen jas» Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету» жобасы аясында «Mümkındıkter alañy» ұранымен форум өтеді.
11.00-де Астана қаласының Қоғамдық кенесі «Елордада 2019-2023 жылдарға арналған инженерлік-көлік инфрақұрылымын қамтамасыз етіп, Астана қаласын жинақы құрылыс салу жөніндегі кешенді жоспар шеңберінде Астана қаласының тұрғын алаптарының жай-күйі мен даму туралы» қоғамдық тындау өткізеді.
11.00-де Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Еңбек ардагері Жүнісов Шәмшіл Сыздықұлының құрметіне мемориалдық тақта орнатылады.
11.30-да «Kaztraffic-2023» 19-шы көрмесі аясында «Инновациялар мен инфрақұрылымның тоғысуы: жол саласын дамыту формуласы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.
12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.