АСТАНА
Сағат 9:30-да Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының 30 жылдығына орай «Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет: бүгін және болашақ» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Өтетін орны: Абай даңғылы, 33а
11:00-де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Тарих факультеті Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің мәдени өкілдігі бірлесіп, «Фараби ойы мен даналығы және оның қазіргі ислам өркениетінің қалыптасуына әсері» тақырыбында ғылыми-академиялық байланысты нығайтуға бағытталған зерттеушілердің басқосуын ұйымдастырады.
11:30-да ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ. Баспасөз конференциясы. Тақырыбы: «Харбин-2025: ІХ қысқы Азия ойындарына дайындық». https://www.youtube.com/user/ortcomkz
15:00-де Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің форумын өткізу жоспарлануда. Тікелей трансляция Қазмедиа орталығында ұйымдастырылады.
АЛМАТЫ
9:00-де «ОнкоРенессанс-2024» халықаралық конференциясы өтеді. Өтетін орны: Сәтбаев көш. 29/6, «Рахат Палас» қонақ үйі.
9:30-да Қазақстан қаржыгерлерінің XII конгресі өтеді. Іс-шараны Қазақстан Ұлттық банкі мен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы ұйымдастырады. Өтетін орын: Әл-Фараби даңғылы, 77/7, Ritz-Carlton қонақүйі.
11:30-да ҚР Көлік министрі Қарабаев Марат Кәрімжанұлы Алматы қаласының тұрғындарымен кездеседі. Күн тәртібіне сәйкес ҚР Көлік министрлігінің құзыретіне кіретін мәселелер қаралады. Өтетін орны: Шевченко к-сі, 97 мекен-жайы бойынша орналасқан «Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT университеті» ғимараты.
12:00-де баспасөз-ланчында шағын және орта бизнес мәселелері, сондай-ақ оның Қазақстан экономикасына әсері талқыланады. Мекен-жайы: Mote мейрамханасы (Достық даңғылы, 50).
15:00-де «Тұран» университеті GLOBAL NETWORKING TURAN 2024 шарасын және университет пен шетелдік жоғары оқу орындарының білім және ғылым саласындағы ынтымақтастығын білдіретін серіктес елдердің туларын салтанатты түрде өткізеді.
15:30-да Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері Әскери институтында ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы генерал-майор Асан Жүсіповтың басшылығымен үздік офицер-түлектерге құрмет көрсетіледі.