15 қазан күні Астанада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 15 қазанда болатын маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.

АСТАНА

09:45-те Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде ҚР Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің дөңгелек үстелі өтеді.

10:00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді.

11:30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Жылыту маусымында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

14:30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Киберқауіпсіздік және жеке деректерді қорғау» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

15:00-де ҚР Ұлттық музейінің Ғылыми кітапханасында көрнекті қазақ этнографы Халел Арғынбаевтың 100 жылдығына арналған «Қазақ этнографиясының майталманы» атты дөңгелек үстел өтеді.