15 қазанда ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Қазақстан территориясының басым бөлігінде, атмосфералық  ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет.

Республиканың солтүстік, солтүстік батыс және орталығының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, түнде және таңертең тұман болады.

Түнде Қостанай, Қарағанды облыстарында тұман түсуі ықтимал.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді, күндіз найзағай  ойнайды.
Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.