15 қазанда елімізде болатын маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 15 қазан күні елімізде болатын маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-де Сенаттың кезекті отырысы болады. Күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу, сондай-ақ жекелеген халықаралық шарттардың қолданысын өзгерту және тоқтату туралы хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заңының жобасы қаралады. Сенат отырысы палатаның www.parlam.kz сайтында онлайн режимде көрсетіледі.

15.00-де Ресейдің ғылым және мәдениет орталығы базасында «Цифрлық экономикаға оқыту» II Халықаралық педагогикалық онлайн конференциясы өтеді. Онлайн конференцияға дүние жүзіндегі орыс мектептерінде жұмыс істейтін жүздеген мұғалім қатысады.