15 қыркүйекте Астанада батыстан жел соғады. Таңертең және күндіз желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Өрт шығу қаупі жоғары.
Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады. Таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында желдің екпіні 15–20 м/с болады. Оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында және орталығында өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Қарағанды облысында солтүстік-батыстан жел соғады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады, облыстың батысында төтенше деңгейде болады.
Ұлытау облысында солтүстік-батыстан жел соғады. Күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында желдің екпіні 15–18 м/с болады. Өрт шығу қаупі төтенше деңгейде сақталады.
Жетісу облысында солтүстік-батыстан жел соғады. Алакөл көлдері ауданында желдің екпіні 15–20 м/с, кей уақытта 23–28 м/с-қа дейін жетеді. 15–17 қыркүйекте облыста өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады. Солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында және орталығында өрт шығу қаупі төтенше деңгейде болады.
Маңғыстау облысының солтүстігі мен орталығында өрт шығу қаупі жоғары, солтүстік-шығысында төтенше деңгейде сақталады.
Атырау облысының оңтүстігінде өрт шығу қаупі төтенше деңгейде сақталады.
Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз облыстың шығысы мен оңтүстігінде желдің екпіні 15–20 м/с болады. Облыс бойынша өрт шығу қаупі төтенше деңгейде сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз солтүстік-батыстан жел соғады. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Өрт шығу қаупі төтенше деңгейде сақталады.
Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады. Солтүстігі мен шығысында желдің екпіні 15–20 м/с болады. Облыстың оңтүстік-шығысында өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Батыстан жел соғады, желдің жылдамдығы 15–20 м/с болады. Солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде желдің екпіні 23–28 м/с-қа жетеді. Оңтүстігі мен шығысында өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батыс желіне ауысады. Облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде желдің жылдамдығы 15–20 м/с, екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді. Облыс бойынша өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Абай облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады. Таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде желдің жылдамдығы 15–20 м/с, екпіні 23 м/с болады. Облыс бойынша өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады. Оңтүстігінде өрт шығу қаупі төтенше деңгейде болады.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады. Күндіз желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Облыс бойынша өрт шығу қаупі жоғары деңгейде болады.
Алматы облысының орталығында, батысында және шығысында өрт шығу қаупі төтенше деңгейде, солтүстігі мен оңтүстігінде жоғары деңгейде сақталады.
Республика бойынша 3 орман өрті тіркелді.