15 қыркүйек күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
9.00-де Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі геология комитеті «ХХІ ғасырдағы Қазақстанның геологиялық қызметі: жай-күйі, проблемалары мен болашағы» тақырыбында Қазақстан геологтарының І Съезін өткізеді.
10.00-де Конгресс-орталығында COMIC CON ASTANA-2023 комикс кейіпкерлерінің фестивалі басталады.
12.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында KitapTime-2023 ІІ жалпы республикалық кітап фестивалі өтеді.
15.00-де «Отандастар» қорында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының жаңадан құрылған Қоғамдық кеңесінің алғашқы жиыны өтеді.
15.00-де Қазақстан Халық партиясында депутат Кенжеғұл Сейітжан «Альянс-Техносервис» компаниясының қызметкерлерімен «Қазақстандағы инклюзивті білім беру мүддесі үшін мүгедектігі бар зағип және нашар көретін адамдарға бейімделген білім технологиялары» атты кездесу өткізеді.
19.00-де Hilton Astana қонақ үйінде Ұлттық Олимпиада комитеті Қазақстандағы олимпиадалық қозғалыстың 30 жылдығына орай салтанатты кеш өткізеді.
Спорт ардагерлеріне, көрнекті спортшылар мен жаттықтырушыларға Қазақстандағы олимпиадалық қозғалыстың дамуына қосқан үлесі үшін мерейтойлық медальдар табыс етіледі.
19.00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры XXXIII жаңа маусымын бастайды.
Театр маусымы дәстүр бойынша М.Әуезовтің «Абай» қойылымымен ашылады.
19.00-де Astana Opera театрында С.Прокофьевтің «Күлбике» балеті сахналанады.
19.00-де «Астана Балет» театрында «Кармен-сюита» балеті көрсетіледі.
19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Махаббат бар ма?» лирикалық комедиясы қойылады.