ЕСІМДЕР
Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында туған. Орал реалдық әскери училищесін, Қазан университетінің медицина факультетін бітірген. 1917 жылғы желтоқсанда өткен ІІ жалпықазақ съезінде Уақытша ұлт кеңесі (Алашорда) мүшелігіне кандидат (Ұлт кеңесі мүшесінің орынбасары) болып сайланды.
1920 жылғы 21 маусымдағы Қазақ РК (б)П облыстық комитеті мәжілісінде «қоғам үшін қауіпті» адам ретінде оны айрықша мінездемемен Заволжье әскери округіне жіберу жөнінде шешім қабылдады. Алайда Халық атқару комитетінің ара түсуімен Ташкент қаласына жіберілді. 1920 жылы осында мұсылмандардың өлкелік фельдшерлік мектебін ұйымдастыруға белсене қатысты. Ол 30-жылдардың ортасында Ташкенттегі Семашко атындағы Функционалдық диагностика институтында бөлім меңгерушісі болды. 1938 жылғы 23 сәуірде «контрреволюциялық ұйымға қатысты» деген айыппен қылмыстық жауапкершілікке тартылып, қылмысы дәлелденбегендіктен 1939 жылғы 1 желтоқсанда түрмеден босатылды.
Соғыс жылдарында көшіріліп әкелінген госпитальдарға жетекшілік етті. Соғыстан кейін Ташкентте Семашко атындағы Курортология ғылыми-зерттеу институтында қызмет етті. Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған.
Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында туған. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің филология факультетін үздік бітірген (1969). 1970-1975 жылдары КСРО Ғылым академиясы Мәскеу Шығыстану институтында аспирант.
1975-1976 жылдары Марокко Корольдігі, 1985-1986 жылдары Тунис Араб Республикасы университеттерінде араб тілі мен әдебиеті бойынша біліктілік арттырудан өтті. 1976-1977 жылдары ҚР ҒА-ның М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері.
1977 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ассистент, аға оқытушы, доцент, филология факультеті деканының орынбасары, Шығыс филология кафедрасының меңгерушісі. 1986-1988 жылдары КСРО ҒА Москва Шығыстану институтының докторанты. 1989 жылы Шығыстану факультетінің деканы, 1991-1997 жылдары тілдер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор.
1997-2000 жылдары Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі елшілігінің кеңесшісі, 1-сыныпты кеңесші дипломатиялық лауазым иесі. 2000 және 2005 жылдары Қазақстан мұсылмандарының ІІІ және ІV Құрылтайларында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти, 2007 жылдары Орталық Азия мүфтилер кеңесінде бірауыздан осы кеңестің төрағасы, 2000 жылы тамызда Босния мен Герцеговинаның астанасы Сараевода және 2002 жылы сәуірде Кипрде өткен Еуразия Ислам Шурасының IV-V халықаралық конференцияларында осы ұйым төрағасының бірінші орынбасары болып екі рет сайланды.
Ә. Дербісәлі – республикамыздағы жас арабтану ғылымының негізін салушылардың бірі. Арабистика саласы бойынша еліміздің тұңғыш ғылым докторы, тұңғыш профессоры, тұңғыш академигі. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен ондағы құлыптастардағы жазуларды ана тілімізге аударып, зерттеді.
Алматы облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің заң факультетін бітірген (1996).
Еңбек жолы: Алматы қаласы Жетісу ауданы прокуратурасының стажеры (07.1996-09.1996); Алматы қаласы Жетісу ауданы прокурорының көмекшісі (1996-1998); Қостанай облысы прокуратурасының жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау, тергеу және анықтау бөлімінің прокуроры (1998-1999); Қостанай облысы прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау бөлімінің аға прокуроры (1999-2000); Қостанай облысы Әулиекөл ауданы прокурорының орынбасары (2000-2001); Павлодар қаласы прокуратурасының прокуроры (06.2002-09.2002); Павлодар облысы прокуратурасының алдын ала тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры (2002-2003); Павлодар облысы прокуратурасының алдын ала тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау бөлімінің аға прокуроры (11.2003-12.2003); Павлодар облысы Ақтоғай ауданының прокуроры (2003-2007); Павлодар облысы Баянауыл ауданының прокуроры (2007-2012); Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті департаментінің басшысы (2012-2013); Алматы облысы Текелі қаласының прокуроры (2013-2015); және шамамен. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Біліктілікті арттыру институтының кәсіби даярлау және дамыту басқармасының бастығы (2015-2016); Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ректорының көмекшісі (01.2016-10.2016); Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының қарамағында (10.2016-11.2016); Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Басқармасының кадр жұмысы басқармасының аға прокуроры (2016-2017); Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының қарамағында (01.07.2017-20.07.2017); Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Басқармасының кадр жұмысы басқармасының аға прокуроры (2017-2018); Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының қарамағында (16.08.2018-27.08.2018); Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институтының Құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығының жетекші ғылыми қызметкері (2018-2019); Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының аға көмекшісі (06.2019-09.2019).
2019 жылдың қазан айынан бастап қазіргі қызметінде.
Кәсіпкерлік және менеджмент мәдениеті институтын экономист менеджер мамандығымен (1997), «Әділет» құқық жоғары мектебін (2001) бітірген.
1997-2004 жылдар аралығында медиа және талдау құрылымдарында түрлі лауазымдарда қызмет атқарған, 2004-2012 жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес ұйымдарында және орталық аппаратында жұмыс істеген.
2012 жылдың қарашасынан бастап ҚР Президенті Әкімшілігінде: ҚР Президенті Әкімшілігі баспасөз қызметінің инспекторы, сектор меңгерушісі, Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болған.
Қазіргі лауазымына Мемлекет басшысының өкімімен 2018 жылдың қаңтар айында тағайындалған.