Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіліп, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде үсік күтіледі. Қызылорда облысында, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.