Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте шаңды дауыл, тұман, бұршақ жаууы мүмкін.
Оңтүстік Қазақстан облысының, күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде дауыл тұрады, бұршақ жаууы ықтимал, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Түнде Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының, түнде Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, жел тұрады, жылдамдығы-15-20 м/с.
Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді.