15 маусым. Туған күн иелері
ЕСІМДЕР
Жамбыл облысы Қордай ауданы Қарасай ауылында (Михайловка) туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1975 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтының ауыл шаруашылығын механикаландыру факультетін бітірді. Еңбек жолын 1975 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтының кафедра ассистентінен бастады, комсомол және партия комитеттерінің хатшысы, кәсіподақ комитетінің төрағасы болып сайланды. 1978-1981 жылдары Мәскеу қаласындағы А.Н.Костяков атындағы Бүкілодақтық гидротехника және мелиорация ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасында оқыды. 1982 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институты сумен қамтамасыз ету және суландыру жөніндегі салалық ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі, оқытушысы және доценті, Алматы индустрия колледжінің директоры (1993 жылы), одан кейін Алматы индустриялық-педагогикалық академиясының ректоры болып қызмет атқарды. 2001 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры қызметін атқарады. 2003 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы академиясының вице-президенті болып сайланды. 2004 жылдың сәуір айында ҚР Ұлттық Ғылым академиясы Аграрлық ғылымдар бөлімшесінің төрағасы және Құрметті академигі, ҚР Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі, Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының академигі, Ресей ауылшаруашылық академиясының академигі, Халықаралық Жоғары мектеп академиясының академигі, 2008 жылдан ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі атанды.
Оңтүстік Қазақстан облысында туған. В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер-металлург (1974); Минск қаласындағы КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің Жоғары курстарын (1978) бітірген.
Еңбек жолы: Бестөбе байыту фабрикасының шебері, «Қазалтын» комбинаты «Юбилейный» кенішінің ТББ бастығы (1974-1975); Шымкент қорғасын зауытының аппаратшысы (1976-1977); Шымкент облысы бойынша Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті басқармасының жедел уәкілі, аға жедел уәкілі, бөлімше бастығы (1978-1989); Гурьев облысы бойынша МҚК басқарма бөлімшесі бастығының орынбасары (1989-1991); Шымкент қорғасын-мырыш комбинатының 1989-1991); Оңтүстік қазақстан облысы бойынша ҰҚК басқармасы бастығының орынбасары (1994-1995); ҰҚК Ақмола облысы бойынша басқармасының бастығы (1995-1997); ҰҚК Ақмола (Астана) қаласы және Ақмола облысы бойынша департаментінің бастығы (1997-1999); ҰҚК Астана қаласы бойынша департаментінің бастығы (1999-2001); Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (2001-2007); ҚР ҰҚК Атырау облысы бойынша департаментінің бастығы (03.2007-08.2007); IV сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі (2007-2011).
2-дәрежелі «Даңқ» орденімен (2005); 17 медальмен марапатталған.
Павлодар қаласында туған. Павлодар индустриялық институтын бітірген. Институтты бітіргеннен кейін «Павлодартұрғынүйқұрылыс» тресі үй салу комбинатының шебері, Екібастұз қалалық партия комитетінің нұсқаушысы болып жұмыс істеді. 1987-1991 жылдары - Екібастұз қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары.
1991-1992 жылдары - «Екібастұзтұрғынүйөнеркәсіпқұрылыс» тресінің басшысы. 1992-1993 жылдары - Екібастұз қалалық әкімдігінің басшысы. 1993-1997 жылдары - Павлодар облыстық әкімдігінің басшысы, әкімі. 1997-1999 жылдары - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі. 1999-2001 жылдары - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, бірінші орынбасары. 2001-2003 жылдары - Павлодар облысының әкімі. 2003-2007 жылдары - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі. 2007-2009 жылдары ҚР Қорғаныс министрі. 2010-2012 жылдары экологиялық энергетика саласындағы компания басшысы. 2012-2014 жылдары Еуразиялық экономикалық комиссияның Қазақстан тарапынан алқа мүшесі (министр). Қазіргі қызметінде 2014 жылғы қарашадан бері. Экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Минералдық ресурстар академиясының академигі, 3-ші, 2-ші дәрежелі «Барыс», «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.
Қарағанды қаласында туған. Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-ді «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша тәмамдады. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы қайта даярлау институтында және Дүниежүзілік банктің Экономикалық даму институтында оқыды. 1999-2001 жылдар аралығында мемлекеттік органдарда сыртқы экономикалық байланыс саласында қызмет етті. 2002-2004 жылдар аралығында ҚР Премьер-Министрінің кеңсесі сыртқы байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды. 2004-2006 жылдар аралығында - ҚР Президенті Әкімшілігі сыртқы саясат орталығының бас инспекторы. 2006 жылы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі аппаратының басшысы болды. 2006-2007 жылдарда - «Атамекен» кәсіпкерлер және жұмыс берушілер одағы басқармасы төрағасының орынбасары, басқарма төрағасының кеңесшісі. 2007-2010 жылдар аралығында - «Қазақтелеком» АҚ-ның сыртқы байланыстар жөніндегі атқарушы директоры. 2010 жылы «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттіктің Еуропа елдері бойынша өңірлік директоры. 2011 жылдың ақпан айынан бастап – ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің инвестициялар жөніндегі комитет төрағасының орынбасары. 2013-2014 жылдары Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің инвестиция жөніндегі комитетінің төрағасы, 2014-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитетінің төрағасы. 2016-2018 жылдары - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі. 2018 жылғы қаңтардан Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитетінің төрағасы болды. 2019 жылдың мамырынан Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің айрықша тапсырмалар жөніндегі елшісі.
Шығыс Қазақстан облысында туған.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тележурналистика мамандығы бойынша бітірген. Іскерлік басқару магистрі.
Осы жылдар ішінде «Астана», «Хабар 24», «Atameken Business Channel» телеарналарында бағдарлама жүргізушісі, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі қызметтерін атқарған.
«Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» КеАҚ киноөндіріс қызметін басқарды.
«Қазақстан конституциясына 25 жыл» және «ҚР Ақпарат саласының үздігі» мерекелік медальдарымен марапатталған.
2022 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі қызметінде.