Қазақстанның оңтүстігі мен батысында аптап ыстық әрі құрғақ ауа райы сақталады.
Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, күндіз Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді деп күтілуде.
Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің екпіні секундына 17-22 метрге жетеді және шаңды дауыл тұрады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең жекелен жерлерде тұман тұрады, желдің екпіні 15-20 м/с.
Болжам бойынша Атырау, Маңғыстау облыстарының жекелеген аудандарда аптап ыстық сақталады.
Еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында кей жерлерде жоғары өрт қауіптілігі сақталады.
Жақын 3 тәулік ішінде оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың және шығыстың тау маңындағы өзендерінде судың көлемі ауытқиды, жаңбыр түсетіндіктен, жекелеген өзендерде жұмсалатын судың көлемі артпақ. Еліміздің басқа су нысандарында гидрологиялық режимде айтарлықтай өзгеріс байқалмайды деп күтілуде.