ҚР АШМ-ның хабарлауынша, табиғи мекен ету ортасына балық шабақтарын жіберу жұмыстары жалғасуда.
Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың қыркүйегінде Қамыстыбас балық тәлімбағы 8,4 млн дана тұқы балықтың биылғы шабақтары мен балықтардың өсімдік қоректі түрлерін (дөңмаңдай, ақ амур) Кіші Арал теңізінің Шағалалы шығанағы мен Қамыстыбас өзеніне жіберді.
Жіберу орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының қызметкерлерінің, әкімдіктің және ғылыми ұйымдар өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылды.