15 наурызда футболдан Қазақстан чемпионаты басталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 15 наурызда премьер лига командалары арасында футболдан Қазақстан чемпионаты басталады.

Чемпиондық атаққа биыл 12 клуб таласып көрмек. Біріншілікте бас жүлдені жеңіп алуы мүмкін ұжымдардың ішінде биыл чемпион атанып, Қазақстан Суперкубогін жеңіп алған «Ақтөбе» футбол клубы, еліміздің тарихында алғаш рет Еурокубоктің топтық сынында өнер көрсеткен «Шахтер» командасы, қарқын алып келе жатқан «Қайрат» клубы мен бірқатар мықты ойыншылармен толыққан «Астана» командасы бар.

Бірінші айналымда «Тараз» (Тараз) - «Ақтөбе» (Ақтөбе), «Ертіс» (Павлодар) - «Шахтер» (Қарағанды), «Тобыл» (Қостанай) - «Спартак» (Семей), «Қайрат» (Алматы) - «Атырау» (Атырау), «Астана» (Астана) - «Жетісу» (Талдықорған), «Қайсар» (Қызылорда) - «Ордабасы» (Шымкент) кездесулері өтеді.