«Ортамерзімді перспективада инфляцияны 3-4 пайызға дейін төмендету үшін ағымдағы жылдың 15 наурызына дейін Ұлттық банк инфляциялық шектеу режіміне көшу ұсынысын енгізсін. Сондай-ақ мұндай саясаттың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банкке Үкіметпен бірлесіп, реттелетін баға мен тариф саласындағы саясатты анықтау бойынша кешенді шараларды әзірлеуді тапсырамын. Бұл түсінікті ме? Аталған жұмыстар ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында аяқталуы тиіс», - деді Н.Назарбаев.
14:12, 14 Ақпан 2014
15 наурызға дейін Ұлттық банк инфляциялық шектеу режіміне көшу ұсынысын енгізсін - Н.Назарбаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - 15 наурызға дейін Ұлттық банк инфляциялық шектеу режіміне көшу ұсынысын енгізсін, деді Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.