Кей жерлерде желдің жылдамдығы күшейеді, жекелеген аудандарда ол шаңды дауылдарға ұласуы ықтимал. Тек республиканың шығысында, яғни Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде ауа райының тұрақсыздығы сақталады: жауын-шашын, тұман, көктайғақ болады деп күтілуде.
Жамбыл облысының жекелеген аудандарында тұман түсіп, 15-20 м/с жылдамдықпен жел тұруы мүмкін. Маңғыстау мен Атырау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл және 15-20 м/с жылдамдықпен жел тұратындығы күтіледі. Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейіп, күндіз кейбір аудандарда шаңды дауыл болуы ықтимал. Оңтүстік Қазақстан мен Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде де желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. Ал Алматы облысының жекелеген аудандарында тұман түседі деп күтілуде.
Жақын тәулікте Алматы облысының өзендерінде су деңгейі ауытқуы мүмкін.