15 шілде. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 15 шілде күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
78 жыл бұрын (1947) «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту қазақстандық орталығы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Сейітсұлтан Сүлейменұлы АЙЫМБЕТОВ дүниеге келді.
Қызылорда облысы Сырдария ауданы, Жетікөл кеңшарында туған. 1969 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген.
Еңбек жолы: 1969-1981 жылдары ҚазКСР Қаржы министрлігінің бақылау-тексеру басқармасы жергілікті бюд-жеттерді және бюджеттік ұйымдарды тексеру бөлімінің бақылаушы-тексерушісі, аға бақылаушы-тексеруші, бас бақылаушы-тексеруші, бөлім бастығы, 1981-1990 жылдары ҚазКСР Қаржы министрлігінің бақылау-тексеру басқармасы бастығының орынбасары, 1990-1991 жылдары ҚазКСР Қаржы министрлігінің агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру басқармасының бастығы, 1991-1992 жылдары ҚазКСР Қаржы министрлігінің Бас бюджет басқармасының бастығы, 1992-1995 жылдары ҚР Мемлекеттік қаржылық бақылау комитетінің төрағасы, 1995-1996 жылдары — ҚР Халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарған. 1996-1997 жылдары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірінші орынбасары, 1997-1998 жылдары «Қазақстанаудит» АК президентінің кеңесшісі, 1998-2001 жылдары ҚР Президентінің Әкімшілігі Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы, 2001-2002 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары, 2002 жылы ҚР Әділет вице-министрі лауазымын атқарған. 2002-2007 жылдары ҚР Президентінің Әкімшілігі Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметінде болды.
«Құрмет» және «Парасат», ІІІ дәрежелі «Парасат» ордендерімен, мерекелік медальдармен марапатталған.
67 жыл бұрын (1958) ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының директоры Болатбек Серікбайұлы ӘБДІРАСЫЛОВ дүниеге келді.
Биология ғылымдарының докторы, физика-математика ғылымдарының кандидаты. ҚР Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі, ҚР жаратылыстану ғылымдары академиясының, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының, Халықаралық жоғары мектеп академиясының академигі. Н. В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогика институтын және Мәскеу Экономика және статистика университетінің Қашықтан оқыту институтын бітірген.
Еңбек жолы: 1980-1986 жылдары Мәскеу облысындағы КСРО ҒА Биофизика институтының стажер-зерттеушісі, аспиранты, 1986-1994 жылдары Н.Гоголь атындағы Қызылорда педагогика институтының оқытушысы, доценті, деканы, проректоры, 1994-1996 жылдары Ресей ҒА Жасуша биофизикасы институтының аға ғылыми қызметкері, 1996-2000 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің бірінші проректоры, ректоры қызметін атқарған. 2000-2001 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақпарат және тестілеу орталығының директоры, 2001-2004 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры, 2004-2007 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы қадағалау мен аттестациялау комитетінің төрағасы, 2007-2010 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, 2010 — 2012 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы, 2012 — 2016 жылдары ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры, 2017-2018 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы, 2018-2021 жылдары Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры лауазымын атқарған.
2024 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі қызметінде.
«Құрмет» орденімен наградталған. Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясының П. Л. Капица атындағы естелік медалімен марапатталған.
59 жыл бұрын (1966) «Қазақстан құрылысшылар одағы» заңды тұлғалардың республикалық бірлестігінің төрағасы Талғат Файзуллиұлы ЕРҒАЛИЕВ дүниеге келді.
Целиноград облысында дүниеге келген. Агротехникалық университетті бітірген, инженер-механик.
Еңбек жолы: «Путь Ленина» совхозында механизатор (1983-1984); ҚазАТУ ҚСиПО оқытушысы, факультет деканының орынбасары (1991-1992); сауда компаниясының директоры (1993-1999); Қарашығанақ кен орнындағы құрылыста әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеу (1999-2001); «Біржолғы талондар беру орталығы» МКҚК директоры (2002-2003); «Металлстройсервис» ЖШС директоры (2003-2004); құрылыс компаниясында жоба жетекшісі (2004); құрылыс компаниясының басшысы (2007-2010); Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі (2012-2016).
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» (2015) медальдарымен, «Атамекен» ҰПТ-ның «Іске адалдығы үшін», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жаста» (2021) медальдарымен марапатталған.
54 жыл бұрын (1971) Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің бастығы Ерлан Болатұлы ОМАРБЕКОВ дүниеге келді.
Семейде туған. Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.
Еңбек жолы: Шығыс Қазақстан облысы ІІД күзет басқармасының қорғасын-мырыш зауытын күзету бойынша жеке полиция батальонының полицейі; Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаменті Шығыс өңірлік ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел жұмыс бөлімінің жедел уәкілі (2003-2005); Ішкі істер министрлігі Аса қауіпті қылмыстарға қарсы күресті үйлестіру орталығының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі (2005-2006); Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция комитетінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі (2006-2007); Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция комитетінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары (2007-2009); Қарағанды облысы Ішкі істер департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы (2009-2012); Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция комитеті төрағасының орынбасары (2012-2013); Қарағанды облысының полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары (2013-2018); Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары (2018-2021); Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы (2021-2022); Қостанай облысы полиция басқармасының бастығы (2022-2023).
2023 жылдың мамыр айынан бері қазіргі қызметінде.
ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған (2019), полиция генерал-майоры (2023)
46 жыл бұрын (1979) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Кадр саясаты басқармасының бастығы Олжас Сапарханұлы МЫРЗАБЕКОВ дүниеге келді.
Алматы қаласында туған.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген (2000), Д. А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы, заң ғылымдарының магистрі (2018).
Еңбек жолы: Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының орта және аға командалық құрамының әртүрлі лауазымдарында жұмыс (2000-2021); ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы Академиясы бастығының орынбасары (2021-2022); Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары (2022-2025).
2025 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі қызметінде.