Астанадағы айырбастау пункттерінде доллар 467,94 теңгеден сатып алынып, 474,86 теңгеден сатылып жатыр.
Еуроның сатып алу бағамы – 532,87 теңге, сату бағамы – 542,87 теңге.
Ресей рублі 5,65–5,95 теңге аралығында саудалануда.
Алматыда долларды сатып алу бағамы – 469,16 теңге, сату бағамы – 471,98 теңге.
Еуро 534,29–540,26 теңге аралығында саудалануда.
Рубльдің бағамы – 5,74–5,89 теңге.
Шымкентте доллар 469,43 теңгеден сатып алынып, 471,52 теңгеден сатылып жатыр.
Еуроның бағамы 533,32–539,32 теңге аралығында болса, рубль 5,76–5,83 теңгеден айырбасталуда.
Қазақстан Ұлттық банкінің 15 шілдеге белгілеген ресми бағамына сәйкес, 1 АҚШ доллары – 468,88 теңге, 1 еуро – 534,10 теңге, 1 Ресей рублі – 6,04 теңге.
14 шілдедегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 7,45 теңгеге төмендеп, 468,88 теңгені құрады.