Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.
Қазақстанның шығыс бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, жел күшейеді.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа күшейеді, күндіз екпінді жел соғып, жел күші 25 м/с-қа дейін жетеді. Оңтүстік Қазақстан облысында шаң көтеріліп, дауыл тұрады.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде.
Шығыс Қазақстан облысының жекелеген аудандарында түнде және таңертең тұман түседі деп күтілуде, күндіз - жел 15-20 м/с-қа күшейеді.
Қызылорда облысында, күндіз Атырау облыстының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа күшейеді, шаң көтеріліп, дауыл тұрады.
Атырау облысында, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде күндіз қатты ыстық болады деп күтілуде.
Республиканың оңтүстігінде, орталығының кей жерлерінде және оңтүстік-шығысында төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Алтай өзендеріндегі (Күршім, Бұқтырма, Оба, Тұрғысын және т.б.) жауын-шашынға байланысты жақын тәуліктерде әлі де су деңгейі көтеріле түсуі мүмкін, жекелеген өзендерде де су жайылып, су деңгейінің көтерілуі мүмкін.
ҚР оңтүстік мен оңтүстік-шығыс таулы өзендерінде су деңгейінің тұрақсыздығы байқалады. Қостанай облысының Үй өзенінде су деңгейінің көтерілуі жалғасады, Тобыл (Қаратамар су қоймасынан төмен) өзенінде Қаратамар су қоймасынан су тасуын реттеу есебінен су деңгейінің тұрақсыздығы байқалады.