НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Надежда Ли Мексиканың Леон қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Sports.kz сайтынан алынған мәліметке қарағанда, 15 жасар Надежда Ли 64 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.
Қазақстандық спортшы қоссайыс қорытындысында 190 килограмм жинады (85 105).
Алтын жүлде 211 килограмды (94 117) бағындырған колумбиялық Ингрид Сегура Груэсоның қанжығасында кетті.
Венесуэлалық Каролина Сильва Фернандес 187 кг (84 103) нәтижемен үздік үштікке ілікті.
Мексикадағы әлемдік дода 18 маусымға дейін жалғасады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын ауыр атлет Ерасыл Сәулебековтің жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ қазақстандық ауыр атлеттер әлем чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).