15 жасар қыз екі адамға пышақ салған қылмыскерді ұстады
Жедел жәрдем мен полицейлер келгенше і қылмыскерді орнынан тыпыр еткізбеді Оған қоян-қолтық ұрыстан үйренген әдістері көмектескен. Осы арада көршілер де келіп, қан-жоса болып жатқан зардап шегушілерге көмектесті. Өкінішке орай, жапа шеккен азаматтың біреуі сол жерде ажал құшты. Екіншісі шұғыл ауруханаға жеткізілді.
Екі күн бұрын болған оқиғаны көршілер жыр қып айтады. «15 жасар Катя қолында пышағы жалаңдаған ер адамды қарусыздандырды»,-дейді олар. Көп қабатты үйдің ауласында әлі күнге дейін қан дақтары байқалады.
Осы маңнан өтіп бара жатқан адамдар өзара ерегісіп қалған. Оның соңы төбелеске ұласып, пышақтасумен аяқталды.
Қазіргі кезде екі адамды пышақтаған бұл азамат уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тергеу келеңсіз оқиғаның барлық мән-жайларын анықтайтын болады.