Колумбиялық сенаторға алты рет оқ атқан 15 жасар жасөспірім ұсталды

Фото: eltiempo.com

АСТАНА. KAZINFORM – Президенттікке үміткер колумбиялық сенатор Мигель Урибеге жасалған қастандық Боготадағы сайлау алдындағы митингі кезінде, жақтастары алдында сөз сөйлеген кезде болған, деп хабарлайды РИА агенттегіне сілтеме жасап. 

– Шабуыл жасады деп болжанған адам – ​​Урибенің күзетшілері жаралаған 15 жасар жасөспірім, - деп жазады жергілікті El Tiempo газеті. 

Ол 1,5 метр қашықтықтан сенатордың арқасынан шамамен алты рет атқан, оқтың бірі Урибенің басына тиген. Атыс кезінде тағы екі адам жараланған.

Қазіргі кезде саясаткер ауруханада жатыр. Шабуылдаушыны Урибенің күзетшілері жаралап, ұстады. 

Куәгерлердің айтуынша, кәмелетке толмаған шабуылдаушы оқиға орнына мотоциклмен келген. Ол бір жарым метрдей қашықтықта сенаторға жақындап, арқасынан шамамен алты рет оқ атқан. Оқтардың бірі Урибенің басына тиді. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Финляндияда Қорғаныс министрлігінің ғимаратына бояу шашылғанын жазған едік.