15 жасар жеткіншек екі зейнеткерді құтқарған

АСТАНА. 28 шілде. ҚазАқпарат - Ресейде Приморьедегі Пухово селосында жас жігіт суға кетіп бара жатқан екі зейнеткерді құтқарған, деп хабарлайды Вести.ру. Ажалдан аман қалған қариялар жас жігіттің бұл ерлігі мемлекеттік марапатқа лайық деп, аудандық әкімшілікке өтініш білдірген.

Пухово селосында жағажайдағы демалыс екі зейнеткер үшін қайғылы оқиғамен аяқтала жаздады. Суға батып бара жатқан әйелді құтқармақ болған кексе ер адам өз күшін дұрыс есептемей суда тұншыға бастайды. Жағада демалып жатқан ересектер көп еді, алайда көмек көрсетуге батылдық танытқан тек бір ғана адам - 15 жасар жеткіншек болды.