Жол апаты Түрксіб ауданында, Бекмаханов көшесінде кешкі 20.00 шамасында болған. Полиция департаментінің хабарлауынша, 15 жастағы ұл бала тыйым салынған жерден жүгіріп өтпек болған.
Жарақаты ауыр болғандықтан, ол сол жерде көз жұмды.
«Бұл дерек ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігімен бірыңғай тергеу ісі реестріне тіркелді. Ол үшін тиісті сараптамалар тағайындалды», - деді ПД баспасөз қызметінен.