Оқиға Лондонның барлары және мейрамханаларымен танымал Кэмден ауданында болды. Парламентшінің сөзіне қарағанда, ол «қоғамдық моральді» қорғау үшін жанжалға араласқан.
Полиция қызметкерлері Джойс сабаған жасөспірімнің денесінен соққы іздерін тапты. Оның осындай дау-жандалдың арасында жүруі бірінші рет емес екен. 2012 жылы Джойсты парламент барында саяси қарсыластармен төбелескені үшін Лейбористер партиясынан шығарып жіберген. Соған ұқсас оқиға бір жыл бұрын болған. Онда Джойс Қауымдар палатасының бірінде жанжал шығарған.
Джойс келесі жылы парламенттің төменгі палатасына кезекті сайлауға түспейтінін хабарлады.