15 желтоқсан күні Қазақстанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 15 желтоқсан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-де ҚР Парламенті Сенатының отырысы болады.

11.00-де «Астана қаласында құрылған жаңа ауданға атау беру туралы» және «Астана қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы» тақырыбына тыңдау өткізеді.

15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «1 қыркүйекке дейін Қазақстанға әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру» атты баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының м.а. Сұлтанбаев Қайсар Әбілекұлы. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

16.00-де елордалық Оқушылар сарайында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне, сондай-ақ Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толуына, корей ұлтының Қазақстанға қоныстанғанына 85 жыл толуына орай кәріс ұлтының этномәдени бірлестігі шығармашылық ұжымдарының қайырымдылық концерті өтеді.

19.00-де Номад Сити Холл сахнасында «Алаш жолы» драмасы қойылады.

19.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында «Тіл табысқандар» комедиясы қойылады.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Ғашық жүрек» поэтикалық қойылымы көрсетіледі.