ЕСІМДЕР
Алматы облысы Қаскелең ауданында туған. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, Ресей Қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген. 1990-1992 жылдары – Қазақ КСР Мемлекеттік агроөнеркәсіптік комитеті төрағасының бірінші орынбасары. 1992-1994 жылдары – Алматы облысы әкімшілігінің басшысы. 1994-1996 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары. 1996-1998 жылдары – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Хатшысы, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары – Инвестиция жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы. 1998-2001 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкмішілігінің басшысы, Бенилюкс елдеріндегі (Бельгия Корольдігі, Нидерланды Корольдігі және Люксембург Ұлы Герцогтігі) Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі. 2001-2002 жылдары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі. 2002-2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі. 2004-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары. 2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі қызметтерін атқарған. 2008-2015 жылдары – Алматы қаласының әкімі қызметін атқарған. 2015 жылдың тамызынан – «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының» АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды Экономика ғылымдарының докторы, «Құрмет белгісі», «Парасат», «Отан», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев», «Сіңірген еңбегі үшін» кавалерлік крест ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Қазақ химия-технологиялық институтын және Алматы жоғары партия мектебін бітірген. 1973 жылдан – Қазақ химия-технология институтының оқытушысы – комсомол ұйымының хатшысы. 1977 жылдан Қазақстан ЛКЖО Шымкент облыстық комитетінің «Спутник» халықаралық жастар туризмі бюросының төрағасы. 1979 жылдан Қазақстан ЛКЖО Түлкібас аудандық комитетінің бірінші хатшысы. 1980 жылдан – Қазақстан КП Түлкібас аудандық комитетінің екінші хатшысы, аудандық атқару комитетінің төрағасы, 1990 жылдан – Түлкібас аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы. 1991 жылдан – халық депутаттары Түлкібас аудандық кеңесінің төрағасы. 1992 жылдан – Түлкібас ауданы әкімшілігінің әкімі. 1992 жылғы мамырдан Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімшілігі әкімінің орынбасары, 1993 жылға мамырдан – бірінші орынбасары, 1993 жылғы желтоқсаннан – әкімі. 1995 жылдан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі. 1997 жылғы желтоқсаннан – ҚР Көші-қон және демография агенттігінің төрағасы. 1999 жылғы қаңтардан – ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі. 2000 жылдан – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы. 2003 жылдан – ҚР ішкі істер министрі. 2005 жылдан ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы. 2007 жылдан – ҚР-ның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі. 2009 жылғы тамыздан – ҚР-ның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті елшісі. Ал 2012 жылғы сәуірден ҚР-ның Украинадағы Төтенше және Өкілетті елшісі, ҚР-дың Молдова Республикасындағы төтенше және Өкілетті елшісі қызметін қоса атқарған. 2015-2017 жылдары – «Нұр Отан» партиясының хатшысы. Қазіргі қызметінде 2017 жылдың маусым айынан бері. «Құрмет» орденімен, 4 медальмен марапатталған.
Алматы қаласында туған. 1976 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген. Еңбек жолын экономист, кіші ғылыми қызметкер, хатшы ғалым, топ жетекшісі, докторант, Қазақстан Ғылым академиясындағы Экономика институты секторының меңгерушісі лауазымдарынан бастаған. 1999-2000 жылдары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып қызмет етті. Елдегі көптеген өнеркәсіп, тауар өндіруші, тау-кен металлургия саласындағы ұйымдар мен ассоциацияларға басшылық жасады. 2004-2005 жылдары «Қазақстанның тауар өндірушілері мен экспорттаушылары одағының» президенті. Геология саласы, тау-кен, көмір өндіру және металлургия өнеркәсібі комитетінің төрағасы, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы төралқасының мүшесі (2015 жылдан бастап). 2019 жылғы қазаннан бастап Қазақстанның мемлекеттік және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесінің мүшесі.
2005 жылы «Құрмет» орденімен марапатталып, Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатына ие болған.
Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген соң оқытушылық және қоғамдық жұмыстармен айналысқан. 1990 жылдың басынан кәсіпкерлікпен шұғылданып, «Жиһаз» ашық акционерлік қоғамының президенті, «Алтын-Тас» директоры болып жұмыс істеген. Н. Құлсариевпен бірлесіп, Арал экологиясы тақырыбына арналған «Тақыр» рок-операбалетін құрған. 2001 жылы «Река времен» деп аталатын авторлық музыкалық альбомы жарық көрген. Альбомға эстрадалық оркестрде ойналатын 9 музыкалық пьесасынан басқа «Арсенал» ансамблі орындайтын шығармалары енген. «Қазақстан – Австралия» қауымдастығының және «Алтын Адам» қорының президенті, «Приз традиций» Халықаралық фестивалінің бас директоры қызметтерін қоса атқаруда.
Гурьев ауданында туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, тарихшы, әлеуметтік-саяси тәртіп оқытушысы. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, аспирантура, PhD доктор. Еңбек жолы: мемлекеттік протокол басқармасының бөлім басшысы (1997-2000), ҚР СІМ Мемлекеттік протокол қызметінің жетекшісі (2000-2004), Қазақстанның Литва Республикасындағы елшісінің кеңесшісі (2004-2008), Қазақстанның Австрия Республикасындағы елшілігінің кеңесші уәкілі (2008-2009), Иран Ислам мемлекеті, Горган қаласындағы Қазақстан Республикасының бас консулы (2009-2010), Халықаралық экономикалық серіктестік комитетінің төраға орынбасары (2010-2011), ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі (2011-2015), Қазақстанның Армениядағы елшілігінің кеңесші уәкілі (2015-2017), ҚР СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі (2017-2019). Қазіргі қызметінде 2019 жылдың тамызынан.
Ленин комсомолы атындағы су астында жүзетін жоғары әскери-теңіз училищесін «штурмандық корабльдер» мамандығы бойынша, ҚР Еңбек министрлігінің Қарағанды оқу орталығын (біліктілікті арттыру институты) «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы, Ресей Федерациясы Үкіметінің Қаржы академиясын «қаржы және несие» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын Октябрь ауданы бойынша салық инспекциясы кәсіпкерлердің салық салу бөлімінің салық инспекторы болып бастаған. Қарағанды облысына қарасты салық органдарында (1994-1997), Қарағанды қаласы бойынша Салық комитеті төрағасының міндетін атқарушы (1997-1999) қызметін атқарған. ҚР Көлік және туризм министрлігінің «Қазтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы басқарма төрағасының міндетін атқарушы, басқарма төрағасы болды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Салық комитеті Қарағанды облысы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары (09.07.1999-20.03.2001), Салық комитетінің Павлодар облысы бойынша салық комитетінің төрағасы (20.03.2001-12.02.2002), Астана қаласының салық комитеті төрағасының міндетін атқарушы, төрағасы болды. «Қазақстан жолдары», «Отырар Коммерцстрой» ЖШС қаржы директоры , «Магистраль» АОЮЛ экономика және қаржы жөніндегі Вице-президенті, «Бүркіт» ФПК ЖШС атқарушы директоры, ТЭМК ЖШС Бас директоры, КОСС ЖШС директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы, төрағасының орынбасары, Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі, «Қарағанды облысының экономика басқармасы» ММ басшысының міндетін атқарушы, «Қарағанды облысының экономика басқармасы» ММ басшысы болды.
2019 жылдан бастап - Балқаш қаласының әкімі
Алматыда туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетін бітірген (1993), Жапон Халықаралық қатынастар институтында (Жапония, Токио), Джордж С. Маршал атындағы еуропалық қауіпсіздік проблемаларын зерттеу орталығы жанындағы қауіпсіздік мәселелері мен халықаралық қатынастарды зерттеу колледжінде тағылымдамадан өткен (Германия, Гармиш-Партенкирхен).
Еңбек жолы: Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің философия және методология кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доцент м.а., Қазақстанның даму институтының саяси зерттеулер орталығының ғылыми қызметкері (1996-1999), Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қауіпсіздік кеңесі талдау орталығының консультанты, сектор меңгерушісі (1999-2002), Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты директорының бірінші орынбасары (2002-2005), Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының жанындағы әлемдік экономика және саясат Институты директорының бірінші орынбасары (2005-2007), Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі (2007-2008), Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары (2008-2009), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары (2009-2011), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы тәртіптік кеңесінің басқарма бастығы – төрағасы (2011-2015), Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесшісі (2015-2017).
Атқаратын лауазымында – 2018 жылдан бастап.
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медальдармен марапатталған (2008).
Қарағанды қаласында туған. 1998 жылы ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебін, 2015 жылы Мәскеу қаласының Заманауи гуманитарлық академиясын, 2016 жылы - Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін бітірген. Еңбек жолын 1998 жылы Қарағанды қаласының ішкі істер органдарында бастаған. Қарағанды қалалық ІІБ тергеуші (1998-2000), Қарағанды қаласы прокуратурасы бөлім прокурорының м.а. (2000), Қарағанды қаласы Совет ауданы прокуроры көмекшісінің м.а. (2001), Қарағанды қаласы Совет ауданы прокурорының көмекшісі (2001), Теміртау қаласы прокурорының көмекшісі (2001), Теміртау қаласы прокурорының аға көмекшісі (2001-2002), Қарағанды облыстық прокуратурасының азаматтық істер бойынша сот қаулыларының заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры (2002-2003), Қарағанды облыстық прокуратурасының азаматтық және әкімшілік істер бойынша атқарушылық іс-жүргізу заңдылығын қадағалау прокурорының көмекшісі (2003-2004), Қарағанды облыстық прокуратурасының азаматтық және әкімшілік істер бойынша атқарушылық іс-жүргізу заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры (2004-2005),
Теміртау қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы (2005-2013), Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы (2013-2018), Қарағанды облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы (2018). 2018 жылдан бері - Нұр-Сұлтан қаласы №2 Байқоңыр аудандық сотының төрағасы.
39 жыл бұрын (1982) «Нұр-Отан» партиясы орталық аппараты басшысының орынбасары Айдос Сахабадинұлы ЗИЯДИН дүниеге келді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (2005), Қазақ мемлекеттік заң университетін (2007) тәмамдаған.
Еңбек жолы: Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Шығыс тілдері кафедрасының оқытушысы (2005-2007), Облыстық ішкі саясат басқармасының бас маманы, Қызылорда облысы әкімі аппаратының әлеуметтік-саяси бөлімшесінің баспасөз хатшысы және бас маманы, Ішкі саясат бөлімінің басшысы (2007-2008), ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Әкімшілік жұмыстар және халықаралық ынтымақтастық департаменті Сыртқы байланыс басқармасының 1 санатты сарапшысы, Астана қ. (2008-2009), ҚР Мәдениет министрі хатшылығының бас сарапшысы, (2009-2010), ҚР Мәдениет министрлігі хатшылық меңгерушісі, басқарма бастығы (2010-2012), ҚР Мемлекеттік хатшылық меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі (2012-2013), ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Ішкі әкімшілік және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры, Ұйымдастыру жұмыстары департаментінің директоры, Стратегиялық жоспарлау және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры (2013-2014), ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ғылыми жұмыстар және халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары (2014-2016).
Қазіргі қызметінде – 2016 жылдан бері.
Жамбыл қаласында туған, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. Еңбек жолы: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі, Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ БАҚ-пен жұмыс департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің БАҚ-пен байланыс жөніндегі кеңесшісі.
Қазіргі қызметінде 2019 жылдың қыркүйегінен.
36 жыл бұрын (1985) Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің ректоры және президенті АХМЕТОВ Берік Бақытжанұлы дүниеге келді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Ақпараттық жүйелерді (2006), механика-математика факультеті Ақпараттық жүйелер кафедрасының аспирантурасын (2009) бітірген.
Еңбек жолы: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ақпараттық жүйелер кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті (2006-2013), ҚазҰУ оқу процесі бөлімінің бастығы, оқу-әдістемелік басқармасының бастығы. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі вице-президенті (2011-2017).
Атқаратын лауазымында – 2017 жылғы қыркүйектен бастап.