15 желтоқсанда ауа райы қандай болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Республика аймақтарында бұрынғыдай жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман  күтіледі.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман болып, таңертең және күндіз желдің 15-20 м/с күшеюі  күтіледі.  Атырау облысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде және таңертең Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.