СҚО сотының мәліметінше, сотталушылар тонау мақсатында алдын ала сөз байласу арқылы жәбірленушінің үйінің ауласына кіріп, оны өлтіріп, 150 мың теңгесін ұрлап кеткен.
Екі айдан кейін айыпталушының бірі — жасөспірім әжесінің, одан кейін досының 2 млн теңгеден астам ақшасын ұрлаған.
Алайда, тонау және кісі өлтіру бойынша кінәсі дәлелденбегендіктен екеуі де ақталды.
Оның бірі бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды.
Ер адам жасаған қылмысын мойындады, жәбірленушілердің, куәлардың айғақтарымен және қылмыстық іс материалдарымен дәлелденді.
Жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін мән-жай ретінде кәмелетке толмағаны, кінәсін ішінара мойындауы және 3-топтағы мүгедек екені ескерілді.
Ауырлататын мән-жай анықталмаған. Ол 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.