«150» сенім телефоны: Балаларға қатысты қандай шағымдар жиі түседі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мамандар балаларға арналған «150» ұлттық сенім телефонының жұмысы туралы және оған қандай өтініштердің жиі түсетіндігі туралы айтып берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Балаларға арналған «150» тәуелсіз сенім телефонына жыл сайын 9 мың қоңырау түседі. Оның жұмысының негізгі мақсаты - баланың кез келген уақытта хабарласып, оған ыңғайлы тілде сөйлесуіне мүмкіндік береді. Ережеге сәйкес, егер бала өзіне қол жұмсайтынын мәлімдеген жағдайда, маман кем дегенде 1 сағат 20 минут сөйлесуі керек. Орталықта әңгімелесу жүргізілетін кесте бар.

«Балалар қолдауға ие болып жатыр. Жаңа жылға дейін бір қыз хабарласып, тақпақ айтып берді. Ол не үшін 150 телефонына хабарласты? Себебі оны үйінде ешкім тыңдамайды. Жыл санап қоңыраулар саны өсіп жатыр», - деді «Кризистік орталықтар одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Дана Анищенко.

«Талдықорған өңірлік әйелдерге қолдау көрсету орталығы» қоғамдық бірлестігінің президенті Жанар Нұрмұханованың айтуынша, балалардың кәмелеттік жасқа толмай, органдарға тек заңды өкілдерінсіз және/немесе қамқоршыларынсыз өтініш білдіре алмауы қиындық тудырады.

«Алматы облысында 2 жылдың ішінде балалардан шағым аз түскен, негізінен ата-аналары келеді. Біз өзіміздің тарапымыздан ақпараттық жұмыстар жүргізіп жатырмыз», - деп атап өтті Жанар Нұрмұханова.