деп хабарлады ҚазАқпаратқа «Дағдарыстар орталықтары одағы» Заңды тұлғалар бірлестігінің үйлестірушісі Динара Нұртазина.
Оның айтуынша, егер қиын жағдайға тап бола қалсаңыз және одан өздігінен шығар жол таппайтын жағдай болса, онда «150» Ұлттық сенім телефоны түйінді мәселені шешудің бірден-бір жолы. Телефон тәулік бойы жұмыс істейді, болмаса, өзіңізді мазалаған проблемаларды bala-ana@rambler.ru электронды мекен-жайына жазып қалдыруға да әбден болады. Хабарлардың құпиялығы сақталады.