1500-ден астам астаналық «Арман» лагерінде демалады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардан шыққан, сондай-ақ, жетім 250 жуық бала жазғы демалысын «Арман» лагерінде өткізуде. Мұнда нағыз балалық шақ атмосферасы орнаған. Кішкентай астаналықтар спортпен шұғылданып, түрлі конкурстарға қатысады, тәлімгерлерімен бірге ашық ауада тынығады, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Лагерьде күн таңғы жаттығудан басталады. Балаларды спорт пен дене шынықтыруға баулу үшін салауатты өмір салтына баса назар аударылады. Сонымен қатар, олардың шығармашылық қабілеттіліктері де дамытылады. Әрбір күн белгілі бір қызықты тақырыпқа арналады.

- Мұнда кеш ұйықтайсың, ауа таза, әдемі. Қалада машиналар көп, биік үйлер. Күн сайын өтетін би кештерін ұнатамын. Көңілді, мысалы, кеше жатар жатқанша «Таңқурай күні» өтті, - дейді Камила Ахмеджанова.

«Арман» лагеріне демалуға Астана қаласының Арнайы коррекциялық мектеп-интернатының да шәкірттері келді. Мұнда олар дос болуды, бірін-бірі түсінуді және қоғамда өмір сүруді үйренеді.

- Оларды да ойындарға тартуға тырысамыз, әрине, егер қиын тапсырмалар болса, оларға оңайларын береміз, бірақ басқа балалардың жанында болатындай. Оларды бөліп тастамаймыз, олар да сау балалардың істегенін істеп, орындау керек, - дейді «Арман» лагерінің бірінші маусымындағы аға тәрбиеші Жәннат Әбенова.

Балалар табиғат аясындағы демалыстың ең үздік екендігін бірауыздан құптады. Жалпы, лагерьде бес маусым өткізілмек. Осы уақыттың ішінде мұнда 1500 астам елордалық балғын тынығады. Соның ішінде 1000 бала - халықтың осал топтарына жатады, олар үш маусым бойы лагерьде тегін демалады.