1500 қойымен бірге жанып кеткен бақташыға қатысты мәліметтер анықталды

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысында бір отар қой мен бақташының өртке орануының себебі анықталды.

Хабар 24 арнасының хабарлауынша, от найзағайдың түсуінен тұтанған.

Қойшы малдарын құтқармақ болған, бірақ өзі де жанып кеткен. Оның артында 8 баласы қалды. Жаркөл ауылының тұрғыны жалданып жұмыс істеген. 

Әлеуметтік желілердегі ақпаратқа сүйенсек, тілсіз жау Торғай жағынан келген. Малдың 200-ге жуық басы ғана тірі қалған.

Еске салайық, Қостанай облысы Жангелді ауданының Көкалат ауылында шопан 1500 қойымен бірге жанып кетті.