Ш. Айтматов көшесінің Ұлы Дала даңғылынан Ж. Молдағалиев көшесіне дейінгі учаскеде жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына байланысты, ағымдағы жылдың 15-18 мамыр аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады. Бұл ретте қозғалыс екі бағытта жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.
— Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады. Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз, — деп ескертті Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасынан.
Айта кетейік, 25 мамырдан бастап жылдың соңына дейін Аль-Фараби даңғылы мен Ф. Оңғарсынова көшесінің қиылысында көлік қозғалысы толықтай жабылады.