16-18 қазанда Астанада патенттік жүйеге байланысты Халықаралық семинар өтеді
12:49, 13 Қазан 2013
АСТАНА. 13 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Ұлттық патенттік жүйесіне 20 жыл толады.
Осы айтуылы датаға орай 16-18 қазан күндері аралығында ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен бірлесіп, Халықаралық семинар өткізеді.
Оған Кавказ, Балтық, Орталық Азия, Орталық және Шығыс Еуропа елдері қатысып, патенттік саладағы кейбір мүмкіншіліктерді қолдану мәселелерін талқылайды.