16,9 мың адам коронавирус инфекциясынан емделіп жүр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Соңғы мәлімет бойынша Қазақстанда 16 977 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

«29 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 16 977 адам коронавирус инфекциясынан (–14 954 және 2 023 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 2 524 пациент стационарда жатыр, 14 453 науқас амбулаторияда емделіп жүр», делінген хабарламада.

КВИ , КВИ- шалдыққандардың арасында 221 адамның жағдайы ауыр, 67 пациенттің жағдайы өте ауыр, 41 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.