Ел астанасы Порт-Морсбиде басталған көтеріліс Лаэ қаласына жетті. Кемінде 16 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды.
Көшеде полицияның жоқтығын пайдаланған қарақшылар дүкендер мен сауда орталықтарын тонады. Тәртіпті қалпына келтіру үшін бұл қалаларға басқа провинциялардың полицейлері жіберілді.
Тәртіп сақшылары жалақының төмендігіне наразылық білдіріп ереуілге шықты. Кейін құзырлы органдар жалақы төлеу жүйесіндегі ақауларға байланысты шегерімдер туындағанын және өтемақы төленетінін айтты.