Айта кетейік, кеше атышулы корейлік 4Minute тобының концерті кезінде желдеткіштің темір торы адамдардың салмағын көтере алмай құлап кеткен болатын. Көрермендер 20 метр тереңдікке, жер астында орналасқан автокөлік тұрағына құлаған. Осы оқиғаға байланысты, концерттегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауап беретін 37 жастағы ер адам10 қабатты тұрғын үйдің терезесінен құлаған. Қайғылы жағдай полиция қызметкерлерінің тергеуі аяқталған соң бірнеше сағаттан кейін орын алды.
Істің мән-жайын анықтау кезінде 15 адам тергеуге қатысты, олардың ішінде концерт ұйымдастырушылары мен демеушілері де бар. «Егер қауіпсіздік шаралары жүргізілмегендігі анықталса, тергеуге қатысқандардың үстінен іс қозғалады», - деді қалалық әкімшілік өкілі. Оның айтуына қарағанда, қаза тапқандар саны бұдан да көп болуы мүмкін, себебі жарақат алған 11 адамның жағдайы өте ауыр.