16 ақпан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 16 ақпан күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-деҚР Парламент Сенатында Президенттің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде «Тиімді өңірлік саясат – еліміздің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі» тақырыбына арналған парламенттік тыңдау өтеді.

10.00-де Ұлттық теннис орталығында ASIA OPEN 2023 турнирі өтеді. Спорт жарысы балалар (12-13 жас), жасөспірімдер (14-15 жас), жастар (16-17 жас) және ересектер арасында ұйымдастырылады.

Жарысқа Иран, Қырғызстан, Өзбекстан, Үндістан, Ресей және Қазақстаннан 600-ден астам спортшы қатысады.

11.00-де Астана қаласы коммуникациялар қызметінде «Ат спорты маусымының ашылуы туралы» тақырыбында онлайн брифинг өтеді.

Спикерлер: Аманжол Хасенов - олимпиадалық ат спорты түрлері бойынша мемлекеттік жаттықтырушы, Арман Мусипов - «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінің басшысы.

Онлайн баспасөз конференциясы Астана қаласы коммуникациялар қызметінің Facеbook және және Instagram ресми парақшаларында тікелей эфирде өтеді.

15.00-де «Avenue» бизнес орталығында Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмырзаевтың қатысуымен салалық кеңес мүшелерімен жиын өтеді.

19.00-де QAZAQSTAN орталық концерт залында «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының ұйымдастыруымен өтетін «Алтай-Тарбағатай ән-күй мұрасы» атты дәстүрлі өнер кеші өтеді.

19.00-деЖас көрермендердің музыкалық театрында «Гаухартас» музыкалық драмасының премьерасы болады.

19.00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясы қойылады.

19.00-деНомад Сити Холл театрында «Арыстан патша» ертегісі көрсетіледі.