Павлодар облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Қазақстан Ғылым академиясы Философия және құқық институтының кіші, аға ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі, директоры болған.
1984-1986 жылдары – Қазақстан Ғылым академиясы Қоғамдық ғылымдар бөлімшесінің академик-хатшысы; 1986-1994 жылдары – Қазақстан Ғылым академиясының вице-президенті; 1996-2005 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы. 2005 жылдан Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған.
Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры.
ІІ дәрежелі «Барыс», «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Алматы облысында туған. С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолы: Жаңаөзен қаласы заң консультациясы адвокатының тағылымгері, Шевченко қаласы тергеушісінің тағылымгері, Маңғыстау облысы прокуратурасының аға тергеушісі (1985-1988); Талдықорған облысы Сарқан ауданы прокуратурасының тергеушісі (1988-1990); Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары, аса маңызды істер жөніндегі тергеуші, ауданаралық табиғатты қорғау прокуроры (1991-1998); Бас прокуратура алдын ала тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау департаменті бастығының орынбасары (1998-2000); Қарағанды облысы прокурорының бірінші орынбасары (2000-2002); Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің бастығы (2002-2005); Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары, Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бастығы (2005-2007); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Құқық қорғау және сот жүйесі мәселелері бөлімінің меңгерушісі (2007-2008); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары (2008-2009); Алматы облысының прокуроры (2009-2012); Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары (2012-2014); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі (2014-2016); Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары (2016-2022)
ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен (2013); «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медальдарымен мапаратталған.
Қызылорда қаласында туған. 1994 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын педиатрия мамандығы бойынша, 2006 жылы Қорқыт ата университетін экономист маманыдығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: Қызылорда қалалық балалар ауруханасы қабылдау бөлімінің дәрігері; Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы Қызылорда филиалының кіші ғылыми қызметкері (1997-1999); Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім бастығы, басшының орынбасары (1999-2001); Қызылорда облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері (2001-2003); Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы (2003-2004); ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы Бақылау комитеті облыстық басқармасының басшысы (2005-2007); Қызылорда медициналық колледжінің директоры (2007-2013); Қызылорда облысы әкімінің орынбасары (2013-2015); Қызылорда облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы (2015-2019); «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары (2019-2020).
Қазіргі қызметінде 2020 жылдың тамыз айынан бері.
«Құрмет» орденімен, «Шапағат», «Астанаға 10 жыл» медальдарымен, «ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған.
Өскемен қаласында туған. 1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін заңгер мамандығы бойынша, 2000 жылы Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясын экономист мамандығы бойынша, 2013 жылы «СКОЛКОВО» Мәскеу басқару мектебін бітірген.
Еңбек жолы: «Қазмырыш» ААҚ президенті аппаратының кіші заңгері (1996-1997); «Имантау» ЖШС бағалы қағаздар жөніндегі маманы, «Қаржы және салық жөніндегі агенттіктің» салықтар жөніндегі заңгер (1997-1998); «GRATA» заң фирмасының заңгері (1998-1999); құқықтық сараптама бөлімі бастығының орынбасары (1999-2000); даулы мәселелер және түсіндірулер бөлімінің бастығы (2000-2001); Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер министрлігі Заңнама басқармасының бастығы (2001-2002); Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер министрлігі Заң департаменті директорының орынбасары (2002); «GRATA» заң фирмасының серіктесі (2002-2003); «ҚазМұнайТеңіз»ТМК» ЖАҚ жобаларды құқықтық сүйемелдеу департаменті директорының орынбасары (2003); «ҚазМұнайГаз-Консалтинг» АҚ құқықтық консалтинг жөніндегі атқарушы директоры (2003-2007); «ҚазМұнайГаз-Консалтинг» АҚ президенті (2007-2009); «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры (2009-2011); «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Заң департаментінің басшысы (2003 2011-2012); «KAZENERGY» қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің құқықтық мәселелер жөніндегі атқарушы директоры (2012-2015); «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары (2015-2020).
Қазіргі қызметінде 2020 жылғы ақпаннан бері.
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен, ҚР Премьер-Министрінің, ҚР Мемлекеттік кірістер министрінің, «Самұрық-Қазына»АҚ Басқарма төрағасының Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталған.
Атырау облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын, заңгер (2001); Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. «Мемлекеттік және жергілікті басқару» саласындағы PhD докторы.
Еңбек жолы: Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы (2001); Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты аппараты, Солтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының басшысы (2013-2014); Қостанай облысы бойынша МҚІСҚА сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің бас инспекторы, басшысы; Қостанай облысы бойынша МҚІСҚА агенттігі орталық аппаратының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры (2018-2020); Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы (2020-2023).
Қазіргі қызметінде 2023 жылдың ақпаннан бастап еңбек етеді.
42 жыл бұрын (1981) Түркістан қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Нұрбол Әлиақпарұлы ЕШПАНОВ дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысы Леңгір қаласында туған. Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірді, заңгер (2000).
Еңбек жолы: Алматы қалалық сотында сот приставы, маман, жетекші маман (2002-2005); Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында жетекші маман - сот отырысының хатшысы, бас маман - сот отырысының хатшысы (2005-2008); Алматы қалалық сотының бас маманы (1.2008-12.2008); Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотында судья (2008-2014); ОҚО Сарыағаш ауданы №2 аудандық сотының төрағасы (2014); Түркістан облысы Келес аудандық сотының төрағасы.
Қазіргі қызметінде 2019 жылдың шілде айынан.