Сондай-ақ ел аумағының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің күшеюі, ал шығыста жаяу бұрқасын болуы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.
Күндіз Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел тұрып, 20-25 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, күндіз жаяу бұрқасын болады.