Еске сала кетсек, қала үйлерінің бірінде 16 қабаттан құлап, ажал құшқан тюменьдік бойжеткеннің мүрдесін кеше күндіз Минск көшесіндегі аулалардың бірінде өтіп бара жатқандар тапқан. Қыз сонда тұраққа қойылған машинаның астында жатқан. Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы жетті.
Құқық қорғау органдарындағы дереккөздің айтуынша, қайғылы жағдай кеше, 7 қаңтарда таңертеңгілік уақытта Минск көшесіндегі №7/1 үйде болған. Жас қыздың әке-шешесі қонақтан оралған кезде ол үйінде болмай шықты, ал терезе айқара ашық жатқан.
Кейін анықталғандай, құлағаннан кейін қыз біршама уақыт тірі болған және сол жердегі тұраққа қойылған машинаға еңбектеп барған. Бірақ «Жедел жәрдем» келгенше оқиға орнында жантәсілім етті.