16 қаңтар күні елордада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

Фото: Pexels

Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 16 қаңтар күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді.

12.00-де ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде «Сағадат Нұрмағамбетов пен Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай ҚР Қарулы күштері өткізетін іс-шаралар» атты баспасөз мәслихаты өтеді.

15.00-де Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жеткізу және қоғамдық қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы өтеді.

15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «2023 жылғы КҚК қызметінің қорытындылары және 2024 жылға арналған жоспарлар туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.

15.00-де Қазақстан құрылысшылар одағы Zoom-конференция өткізеді.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Қоштасқым келмейді» спектаклі көрсетіледі.