16 қаңтар күні еліміз қалаларында ауа сапасы қандай болады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәрсенбі, 16 қаңтар күні Қазақстан қалаларының басым бөлігінде жағымды метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, Ақтау, Алматы, Астана, Қостанай, Қызылорда, Көкшетау, Павлодар, Тараз, Орал, Өскемен және Шымкент қалаларында ауа сапасы қолайлы болады.

Жағымсыз метеожағдай түнде Ақтөбе, Атырау, Петропавл және Талдықорғанда болжанады.

Сондай-ақ Қарағанды қаласының атмосферасында ластаушы заттардың шоғырлануы күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.