16 қаңтарда еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады
Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Оңтүстік Қазақстан облысында жел соғады, күші 15-20 м/с.
Атырау обысында, түнде және таңертең Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз Қызылорда облысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Қостанай, күндіз Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді, Қостанай облысында, күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде екпіні 25 м/с.
Жамбыл, күндіз Алматы облысыынң кей жерлерінде көктайғақ болады, жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз Жамбыл облысында екпіні 23 м/с, кей жерлердетұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болады.