Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады. Ақмола облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі, аумақтың басым бөлігінде жел 15-20 м/с-қа жетеді, кей жерлерде ұйытқып 25 м/с-қа дейін күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, түнде Жалаңашкөл ауданында желдің күшеюі 18-23 м/с-қа дейін жетеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ орын алады, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, Қостанай облысында кейбір жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с-қа күшейеді. Павлодар облысында кей жерлерде бұрқасын көтеріледі, жел 17-22 м/с-қа күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде бұрқасын аралас желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді. Қарағанды облысында бұрқасын, кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
19:12, 15 Қаңтар 2014
16 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Республика аумағының басым бөлігінде бұрынғыша атмосфералық фронтальдық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде қар жауып, бұрқасын соғады, қатты жел тұрып, тұман, көктайғақ сақталады, тек республиканың батысында ауа райы ашық болады.