16 қараша. Kazinform күнтізбесі. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 16 қараша күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

Фото: Kazinform/Midjourney

Бауыржан ШЫҢҒЫСОВ, Ұлытау облыстық мәслихатының бұрынғы төрағасы

Фото: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

1964 жылы Жезқазған қаласында туған. Қарағанды ​​политехникалық институтын тау-кен машиналары мен кешендері мамандығы бойынша (1990), Е.Бөкетов атындағы Қарағанды ​​мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша (2000) бітірген.

Еңбек жолы: «Казцветметремонт» Жезқазған бөлімшесінің слесары; кеден органдарындағы жұмыс (1992-2006); «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Экономикалық қауіпсіздік департаментінің директоры (2006); Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары, Сәтбаев және Жезқазған қалаларының әкімі; «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС жанындағы «АМАНАТ» партиясы Қарағанды ​​филиалы төрағасының бірінші орынбасары; Қарағанды ​​облыстық мәслихатының VI–VII шақырылымдарының депутаты, әлеуметтік-мәдени даму және әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы (2016-2021).

Құндызбек ӘБДІРӘСІЛОВ, ҚР Жоғары аудиторлық палатасы аппаратының басшысы

Фото: Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы

1982 жылы туған. Әулиеата университетін және Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін бітірген.

Еңбек жолы: 2005 жылы Жамбыл облысы, Байзақов ауданы бойынша Салық комитетінде штаттан тыс қызметкер, кейіннен салықтық тіркеу бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді. 2014-2018 жылдары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, ҚР Статистика агенттігінде, Ұлттық экономика министрлігінде түрлі қызметтерді атқарды. Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты министрінің хатшылығын басқарды, Астана қаласы Статистика департаменті басшысының орынбасары, басшысы болды. Әртүрлі жылдары ҚР Қаржы министрінің, премьер-министр орынбасарының, премьер-министрдің кеңесшісі, ҚР премьер-министрі хатшылығының меңгерушісі қызметтерін атқарды.

2024 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі қызметінде.

Серік СӘПИЕВ, бокстан Олимпиада чемпионы (Лондон-2012)

Фото: aikyn.kz

1983 жылы Қарағанды облысында туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің дене шынықтыру және спорт, экономика факультеттерін бітірген.

2002-2004 жылдары ҚР Қарулы күштер қатарында әскери борышын өтеген. 2003-2009 жылдары Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінде дене шынықтыру оқытушысы және құқықтану мамандықтары бойынша білім алған. 2011-2014 жылдары тау-кен істерінің бакалавры мамандығы бойынша ҚарМТУ-ін бітірген. 2014-2016 жылдары Қазақ спорт және туризм академиясының академиялық педагогика ғылымының магистрі дәрежесін алды. 2014 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша спорт менеджері мамандығын алды. 2004-2014 жылдары келісімшарт бойынша мерзімінен тыс әскери қызметте болды. 2010-2012 жылдары «Қазақстанның бокс федерациясы» ҚН ЗТБ-ның жаттықтырушы-оқытушысы, 2013-2014 жылдары «Қазақстанның бокс федерациясы» ҚН ЗТБ-ның спорт жөніндегі директоры, 2005-2013 жылдары бокс жөніндегі ҚР ұлттық командасының нұсқаушы-спортшысы, 2014-2017 жылдары «Astana Arlans» ЖШС бас директоры, 2017-2019 жылдары VI сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болды. 2019-2021 жылдары ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметін атқарды. ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің Паралимпиада спортын дамыту жөніндегі вице-президенті болды.

2025 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі қызметінде.

«Парасат», «Отан» ордендерімен, «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медальдарымен марапатталған.

Айбек САМАТ, Абай облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары

Фото: Абай облысының әкімдігі

1987 жылы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылында дүниеге келген. 2008 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: «Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің маманының көмекшісі (2009-2010); «Семей қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің компьютер операторы (2010-2012); «Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы (2012-2013); «Семей қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Семей қаласы әкімінің көмекшісі (2013-2015); «Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ақпараттық-насихат жұмысы секторының меңгерушісі (2015-2016); «Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының орынбасары (2016-2020); «Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бөлім меңгерушісі (2020-2021); Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының бөлім меңгерушісі және Шығыс Қазақстан облысы Ішкі саясат департаментінің этносаралық қатынастарды мониторингтеу бөлімінің меңгерушісі (2022); Абай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы (08.2022-06.2023); Абай ауданының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары (2023); Абай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және инспекциялық бөлімінің басшысы (09.2023-11.2024); Абай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі бөлімінің басшысы (11.2024-04.2025); Абай ауданы Жаңасемей ауданы әкімінің орынбасары (2025).

Қазіргі қызметін 2025 жылдың қараша айынан бері атқарып келеді.

Мақсұт НАСИБУЛОВ, Қазақстанның саяси, қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақстан Құрылтайының І шақырылым депутаты

Фото: Kazinform

1992 жылы Қостанай облысы, Науырзым ауданында туған. Еуразия ұлттық университетін журналистика (2015); Есіл университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген (2025).

Еңбек жолы: ЖСДП Астана қалалық филиалының Жастар қанаты мен баспасөз қызметінің басшысы (2013-2019); «Ақ жебе» жастар қозғалысының төрағасы (2015-2026); «SMM Company» ЖК директоры (2019-2023); ЖСДП Жастар қанатының төрағасы (2019-2026); ЖСДП Саяси кеңесінің төралқа мүшесі (2019); «Социал-демократ» газетінің бас редакторы (2021); ЖСДП баспасөз қызметінің басшысы (2023-2024); ЖСДП орталық аппаратының басшысы (2024-2026).

Қазіргі қызметіне 2026 жылдың тамыз айында кірісті.