16 қараша күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 16 қараша күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
8.30-да Назарбаев университетінің медицина мектебінде «Адам папилломавирусына (АПВ) қарсы вакцинацияға жалпыға бірдей қол жеткізу, тиімді коммуникация және халықпен өзара іс-қимыл арқылы жатыр мойны обырын жою» тақырыбында екі күндік халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
10:00-де ҚР Парламенті Сенатының отырысы жалпы болады.
10.00-де Конгресс орталықта «Kazcontent 2.0» бірінші халықаралық форумы өтеді.
10.00-де Еуразиялық даму банкі басқарма төрағасының орынбасары, бас экономист Евгений Винокуров және ЕАДБ талдау жұмысы дирекциясының салалық талдау орталығының басшысы Арман Ахунбаев «Орталық Азияны тиімді суару және суды үнемдеу» баяндамасын ұсынады.
10.00-де Түркі Академиясы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Түркия Республикасының Елшілігімен бірлесіп, «Түркия Республикасының 100 жылдық белесінен Түркі әлемінің болашағына» тақырыбында халықаралық конференция өткізеді.
11.00-де Silteme баспасөз клубында «Нәтижеге бірге жетеміз. Су ресурстары және ирригация министрлігі: екі айлық жұмыстың маңызды нәтижелері» атты баспасөз конференциясы өтеді.
17.00-де Астана қаласы әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының қорытынды кезеңі өткізіледі.
19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Шәмші» мюзиклі қойылады.
19.00-де Жастар театрында «Тасбақа үміт» психологиялық драмасы сахналанады.
19.00-де Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның концерт залында «Қалалық романс» кеші өтеді.