11.00-де онлайн-көрсетілім форматында «Ішкі істер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және цифрландыру туралы» брифинг өтеді. Спикер: Сабырдан Сейітжанов - ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары.
11.00-де «Қазақстан» орталық концерт залында Абай мүсінінің презентациясы өтеді. Презентация барысында мүсіннің авторы, гиперреалист Айдос Есмағамбетов жаңа туынды жөнінде тың ақпараттар береді.
11.00-де «Expo» бизнес орталығында «ТОМ: Nur-Sultan» мейкатонның қорытындысы өтеді. Шараға қатысатын топтар өз жұмыстарын көрсетеді.
12.00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында: «Мұздағы қауіпсіздік ережелері» тақырыбында онлайн брифинг өтеді. Онлайн баспасөз-конференциясы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Facеbook -тағы ресми парақшасының тікелей эфирінде өтеді.