16 қазан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

Фото: Pexels

Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 16 қазан күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

11.00-де онлайн форматта брифинг өтеді.

Брифинг тақырыбы — тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу.

Спикер: Руслан Есенгелдіұлы Каржаспеков — ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы, Азамат Ақбергенұлы Құрымбаев — ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығының орынбасары. 

12.00-де QAZPATENT ғимаратында ҚР Әділет министрі Азамат Есқаревтың БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихаты болады. 

12.00-де ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау және орман шаруашылығын дамыту туралы баспасөз конференциясы ұйымдастырылады

Спикер: ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.

Көрсетілім сілтемелері: youtube, facebook.  

15.00-де Қазмедиа орталығында «Ауыл жастарын дамытудың әлеуметтік-мәдени аспектілері» тақырыбында пікірталас өтеді.